КЕБЕЖЕ.

Азық-түлік сақтауға арналған үй жиһаздарының бірі.

Кебеже - абажа, абдыра, сандық аталатын мүліктерден кішілеу. Кебеже  төрге қойылмайды, сол жақ деп аталатын қазанаяқ  жақта тұрады.

Кебеженің ерекшелігі оның алдыңғы бетін көркемдеу тәсілінен байқалады. Кебеженің төрт бұрышында тігінен орнатылған төрт қырлы ағаштары  жақтау қазық деп аталады. Асты  қалың тақтайдан жасалған. Қақпағы кәдімгі сандықтың қақпағына ұқсас, жармалы.

Кебеженің беті  оюмен ойылып, сырмен өрнектелген.

Өлшемі: 25х50х100 см

Заттың тарихы:  1988 жылы Ақсу-Аюлы ауылы тұрғыны Сақыпова Ғайныш тапсырған.