«ШЕТ ӨҢІРІ-ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ОТАНЫ» атты айдарымыздың бүгінгі шығарылымында сіздердің назарларыңызға күйші Дәулетбек Жүсіп Мейрамұлының орындауындағы Әбдидің “Қосбасар” атты күйінің II-түрін ұсынамыз. Әбікен күйшінің орындауынан ноталық жазбаға түсірген Б.Ысқақов. Ел ішіне Тәттімбеттікі деп таралған бұл күйді көнекөз күйшілер мен музыка мамандары Әбдиге телиді. Орындау мәнері мен құрылымдық тәсілі Әбди үрдісіне жақын. Терең ойлы, үлкен толғанысты біртуар туынды. Орындаушының қарымды қолынан бебеулей ескен қоңыр әуен шешеннің сөзіндей деттеген жеріне дөп тиіп, жаныңа жұбаныш, көңіліңе медеу болады. Шертпе күй өнерінің шертіп көрсетер дәстүрлі үлгісі.
#ШЕТ АУДАНДЫҚ МУЗЕЙІ
#сарыарқакүйлері
#dasturli_an_kuiler