«Жазғы мектеп» аясында  музейде мектеп балаларының өз қолымен салған суреттерінен «ДАЛА БОЯУЛАРЫ» көрмесі өткізілуде. Сонымен қатар, көрмеге Қазақстандық танымал суретші Кәріпбек Күйіковтың шығармалары жинағы кітабы және белгілі суретші, ұстаз Хакаш Манайдың «Табиғат» туындысы көрмеден орын алды. Көрменің мақсаты: кішкентай суретшілерді өз туындыларында қоршаған әлемді, туған жерінің табиғатын, оның сұлулығын, әсемдігін сүюге баулу. Асыл өнерлерін бейнелеу өнерімен ұштастыра білуге үйрету болып табылады.