#сарыарқақұндылықтары.

Тоғызқұмалақ тақтасы. Әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі де дәлел бола алады. Жасөспірімнің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасының иесі «Есеп» партиясының мүшесі болған Зейнолла Игілікұлы.

Материалы: ағаш

Сақталуы қанағаттанарлық

Мерзімі ХХ ғ.

Өлшемі: 17х65см

Тапсырған: Зейнолла Игілікұлының жұбайы Рымкеш Нұртазина.