#сарыарқақұндылықтары. Домбыра. Өнер қайраткері, сазгер, ақын, актер Ермек Мұстафаұлының домбырасы. Музей қорындағы бұл музейлік затты 1990 жылы Қайрат Мұстафин тапсырды.
Домбыраны қараағаштан қалыңдығын 3 миллиметрдей етіп, шанағын ойып алып, содан кейін қалыңдығы 2,5 немесе 3 сантиметр көлемде домбыраның мойын ағашы әзірленеді. Мойын ағаш адамның ұстауы үшін өте ыңғайлы болуы тиіс. Кейін шанақ қалыпқа салынып иіліп, пеште күйдіріледі. Тұлыбы құралған соң, домбыраның құлағы орналасатын бас ағаш бекітіледі. Бұлардан кейін шанақтың бетін дайындалады. Оған да төрт түрлі ағаш қажет. Бөліктері өзара желімнің көмегімен жабыстырылады.Дайын болғанда домбыраны әбден сүргілеп, оюлап, лак жағылады. Соңында құлағын салып, ортасынан тесік ойылады және ішек байланып, тиегі салынады.