Қайырлы күн, құрметті достар! «ШЕТ ӨҢІРІ - ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ОТАНЫ» айдары.

Арқаның күй мектебі өзге мектептерден шертпе күйдің негізін қалаумен ерекшеленеді. Аса дарынды шертпе күй шеберлері Шет өңіріндегі күйшілік мектептің қалыптасуына зор үлес қосты.

Қыздарбектің «Сылқым қыз» күйі. Күйді нотаға түсірген Б.Ысқақов. «Сылқым қыз» жүрдек, көтеріңкі көңіл күйді білдіретін жастық сезімге толы әсерлі күй. Күйшілер қолынан түспейтін осы бір әдемі күй халық арасына кең тарап, үлкен рухани сұранысқа ие болды.

#ШЕТАУДАНДЫҚМУЗЕЙІ

#сарыарқакүйөңірі

#археологияэтнография

#oner_mektep

#dasturli_an_kuiler