Қапас ( Ғаббас ) Тоқсантайұлы  (1895 – 1931)

Қарқаралы уезі Ақшатау болыстығының оныншы ауылында дүниеге келген. Арқаға есімі белгілі  атақты ақындардың бірі. Ұраншыл, жігерлі өлеңдер жазған. Мәди қамалғанда Дияқажы ағасын түрмені шауып, Мәдиді босатып алуға үгіттейді. Алайда олардың әрекеттері білініп қалады. Кейін ақынның өзі қамалғанда оған осы әрекеті ауыр айып болып тағылады. Халық жауы  ретінде ұсталып, Қарқаралының Үлкенкөлінде атылады.

 

Өкініш

Атаға тартар ұл тегі,

Көкжирені күлтелі,

Қырық жігіті соңында,

Мырза келді білтелі.

Қас- қабақпен ұғыстық,

Қысқабаттай құрыстық,

Қатардан шашау шығармай,

Үш күн, үш түн тұрыстық,

Бұдан да шықты бұрыстық.

 

Одан кейін ақ келді,

Сорымызға тап келді.

Қырқып түстік тірсектен,

Бөрік аттық, шуластық,

Басымызға бақ келді,

Неден жаздық құдайға,

Оның арты оңбайды,

Арес деген ап келді.

 Сол алағай, алағай,

Түзелмеді жағыдай,

Түн отырдық еру боп,

Күн өткердік жадағай.

 

Ас батпайтын күн жетті,

Тісеусіз өскен маматай.

Арес боп лау шықты.

Көрешекті Мұсатай,

К.... басқан Басшиге,

Көбе асты кірі екен,

Итен жаны сірі екен.

Бір к...... шыққан тезек ек,

Қағаз қаттап қол қойды,

Май да екем,бай екем,

Қары да екем, ұры екем.

Қайран да қайран, қайран күн,

Қайраңдатқан табаным.

Қайдан, қалай, не жаздық,

Баласына Қабаңның?

Орыс барып оқыған ,

Ноғай барып тоқыған,

Естек барып шоқыған,

Дегізген жұрқа ірі екен,

Сиясын көлдей тамызды,

Қағазын төрттеп қайырды,

Сорасын көздің ағызды,

Ет бауырдан айырды.

Қара орманның қалғаны,

Басқа құдай салғаны,

Төрткөз түгел тұрғанда,

Аресі тағы келгені,

Абақтыға алғаны.

 

Қайран да қайран, қайран күн,

Қайта айналып келе ме,

Қаса сұлу бүгілтіп,

Тілін сорған сайран күн?

Қуандық өтіп, Тама асып,

Тобықтыға тоқтамай,

Қаржаспенен қаржасып,

Атандай сүрген алты күн,

Томалақтай тайраң күн?

Оңы келсе солынан,

Күйген сақал, жирен шаш,

Бір-ақ түнде жайратқан,

Келер ме қайтып ойран күн?

 

Барымта бардық, шақтадық,

Есе алдық, шаттадық.

Олай – бұлай бүлгенде,

Неге сені шаппадық?