#ЕРЕСІМІЕЛЕСІНДЕ

Ибраев Зыкен 20.04.1918 ж. Қарағанды облысы Жаңарқа ауданы Өспен ауылында туған. 1.01.1942 ж. Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық әскери комиссариатының шақырылымымен ҰОС-на алынған. 1942-1944 ж.ж. аралығында Орталық, Оңтүстік-Батыс, І-ші Украина, І-ші Белорусь майдандарында болған. Ұрыс даласындағы ерліктері үшін 12.08.1943 ж. «Қызыл жұлдыз», 31.12.1943 ж. «ІІ-ші дәрежелі Отан соғысы», 25.07.1944 ж. «І-ші дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. 23.07.1944 ж. Польшаның Люблин қаласындағы ұрыста ерлікпен қаза тапқан.

#Шетмузей

#Сәкенмузей

#ҰлыОтанСоғысы