Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің ата-бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Осы тұрғыда Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, оқушыларға жылқының қасиетін, атқа міну өнерін және ауданның танымал атбегілерінің қызметімен таныстыру мақсатында "Атбегілік – қазақтың ұлттық өнері" атты тақырыптық - танымдық музейлік сабақ өткізілді. Іс-шараға тәжірибелі атбегі Нұра Әбжанов, Шет аудандық спорт бөлімінің қызметкері, ат спортының жаттықтырушысы Сағат Төлеуов және оның шәкірті, аударыспақтан Азия және Қазақстан чемпионы, спорт шебері Нұрбек Аманжолов, Ж.Ақылбаев мектеп-гимназиясының ұстаздары Амандық Ахметов, Ербол Қызылов және 9 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында ауданымыздың ұлттық ат спортын жаңғыртып жүрген ағаларымыздан оқушылар мол мағлұмат алды. Сонымен қатар музей қорындағы құнды жәдігерлерден «Атбегілік – асыл өнер» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге келушілер назарына музейлік заттардан құралған ат-әбзелдері және Шет өңірінің жүйрік аты, иесі Талды ауылынан болған Жұмажан атаның өткізген жәдігері «Сұркөжектің» бас скелеті қойылды.
Шара барысында мектеп оқушыларына көрмеге қойылған музейлік заттардан «Қызықты экспонаттар» туралы жұмбақтар жасырылып, викториналық ойын өткізілді.Атбегілік өнеріне арналған бейнебаян көрсетілді.
Жас ұрпақтың өз ұлтына, әдет-ғұрпы пен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілген іс-шара жалғасын таба бермек.
http://shet-muzei.kz/kz/zhanaly-tar/353-t-ysh-elbasymyz-n-rs-ltan-nazarbaevty-ly-dalany-zheti-yry-atty-ma-alasynda-at-a-minu-m-denieti-men-zhyl-y-sharuashyly-y-zher-zh-zine-ly-daladan-tara-any-tarikhtan-belgili-dep-atap-tkeni-belgili.html#sigFreeIde9b0b76899