#cарыарқақұндылықтары

Ағаш табақ. Қазақтың ұлттық тағамы - ет тартатын ыдысы. Ашық қоңыр түсті, салмағы жеңіл тұрмыстық бұйым. Дөңгелек пішінді ыдыс  қайың ағашынан жона отырып, ойып жасалған. Қадым заманнан қалған бұл жәдігер бүгінде  Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінің   құнды экспонаттары  қатарынан орын алған.  Көне  мұраның негізгі  диаметрі 52 см  құрайды. Ағаштан сан түрлі әдіспен ойылып жасалған бұл әдемі дүниелерге кезінде кәделі жіліктерді салып, қадірлі меймандарға ұсынған көрінеді. Ағаш табақ отыз жылға жуық музей қорында көненің көзіндей сақтаулы тұр. Табақтың иесі -Төкенов Жұмабай, баласы Төкенов  Серік музей қорына тапсырған.