#сарыарқақұндылықтары

Жүкаяқ - буылған, қатталған, бүктелген сырмақ, көрпе-жастық, кебеже, сандық сияқты заттарды қою үшін пайдаланылатын жиһаз. Пішіні-үсті тегіс жүкаяққа жатады. Үйге сән беретін тұтыныс бұйымдарының бірі — жүкаяқ үйдің сәні мен ажарын аша түсетін болған. Жүкаяқ кепкен, мықты әрі жеңіл ағаштан, өңделген тақтайдан жасалған. Ол негізгі үш бөліктен: жанағаштан (алдыңғы және артқы беттер), аяқтан, шабақтан тұрады. Жүкаяқтың алдыңғы беті бір түсті сырмен боялып, оған түрлі түсті бояулармен өрнек салынған.  Және де асты қуыс болғандықтан үнемі жел кеулеп, әрі жүктің асты дым тартып, көгермейтін болған. Жәдігердің иесі-Шет ауданының тұрғыны болған Сақыпова Ғайныш. 1988 жылы музейге сыйға тартқан.  

#шетаудандықмузейі