Аманбеков Хамза Тышқанбайұлы (25.08.1927-19.03.2000) Өспен поселкесінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1943 жылы Өспен кенішінде бастаған. 1945 жылы Қарағанды педагогикалық училищесінде оқып, бұдан кейін Қазақтың ауыл шаруашылығы институтын, ҚазақССР Ғылым Академиясының топырақтану институтының аспирантурасын бітірген. 1957-1964 ж.ж. Қарағанды ботаника бағының ғылыми қызметкері және «Карагандагипрошахт» институтының бас маманы болып істеді. 1964 жылдың қараша айынан Қарағанды қалалық атқару комитетінің «Зеленстрой» басқармасының бастығы болды. 1975 жылдан Қарағанды облыстық орман шаруашылығы мен орманды қорғау басқармасының бастығы болды. 1989 жылдан зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты облыстың ормандарына бақылау жасайтын мемлекеттік инспектор болып тағайындалды. Хамза Аманбеков oблыстың қоғамдық жұмыстарына белсене қатысты, қазақ табиғат қорғау қоғамы Қарағанды бөлімшесі президиумының мүшесі, бірнеше мәрте қалалық және аудандық кеңестің депутаты болып сайланды. Бірнеше медальдермен және құрмет грамоталарымен марапатталған.