Алтынбеков Тұрар (1951) экономист, Қарағанды кооператив институтын (қазіргі Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті) бітірген (1974), еңбек жолын Шет ауданы Тұтынушылар қоғамында есепші- тексеруші болып бастаған. Ағадыр а.ш. басқармасында аға экономист, Ақадыр аупарткомында нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі (1982-1988), Жезқазған обл. а.ш. басқармасы бастығының бірінші орынбасары (1992-1997), Қарағанды облысы а.ш. департаменті бастығының міндетін атқарушы, орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Абай ауданы әкімінің орынбасары (2002), әкімі (2004-2010) болды. Бүгінде обл.жер қатынастары департаментінің бастығы.