#дәстүрменғұрып. Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі болып табылады.
Қазақ халқы салт - дәстүрге бай халық. Соның ішінде «Бесікке бөлеу» салт –дәстүрі қазақ халқына тән ұлттық қасиет, қазақтың өте тамаша дәстүрлерінің бірі. Жаңа туылған нәрестені бесікке салу - қазақ халқы үшін мәртебелі, қасиетті дәстүр болып есептеледі. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Денесі түзу болып өсуіне де бесіктің пайдасы өте зор. Ата-бабаларымыз балаларын ертеден бесікке жатқан кезінен бастап тәрбиелеген. Бала шошымалы болмас үшін бүркіттің, қасқырдың, үкінің тұяқтарын бесіктің басына іліп қояды.
Ал, бесікте жатқанда бойыңа сіңген, жүрегіне құйылған ананың үні ше! Жаныңды өмір бойы әлдилеп өтеді. Бесікте дарыған киелі қасиеттің бәрі –ұрпағымыздың келешегінің негізі болып табылады.
#Шетаудандықмузей
#дәстүрменғұрып