#сарыарқақұндылықтары
Үтік — киім-кешектердің қыртыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техника. Үтіктер киімдерді тегістеп алғашқы әдемі қыртыссыз қалпына келтіруде өздерінің салмағын және температурасын пайдаланумен қол жеткізеді.
✓I ғасырда жазық жылтыр металдарды сумен қыздырып үтіктеу Қытайда қолданыла бастады.Үтіктеудің принциптері Көне Юнанстанда IV ғасырда пайда бола бастады.
✓XI ғасырда М. Қашқари «Диуанда» былай деп жазған: "YTYK (اُتُكْ): Үтік. Күрек пішінді бір темір құрал, киімнің қыртыстарын жазу үшін оны қыздырып киімді бастыра сылайды".
✓Алғашқы электрлі үтікті 1882 жылы Генри Силей ойлап тапты, ол өз үтігін Нью Йоркте Маусымның 6, 1882 жылы патенттеді (патен нөмірі 259,054). Оның үтігі 15 поунд болып ұзақ қызатын.
Суреттегі үтік Өспен ауылындағы Сәкентарихи-өлкетану музейіне 2017 ж тапсырылған.
Тапсырған: Ибраева Тишкүл