Түсетай Қоржынбайұлы ( 1870 - 1931 )

 

Семей губерниясы Қарқаралы уезі Ақшатау  болыстығының оныншы ауылында дүниеге келген. Бабас, Дияқажы, Қапас ақындарымен айтысқа түскен.

 

Ақындық топқа ерте түседі. Бірқатар шығармалары сол  кездегі шығып тұрған басылымдарда басылады. Ақын шығармаларына кезінде Сәбит Дөнентаев жоғары баға берген екен. Негізінен пәлсапалық өлеңге бейім тұрған. « Кіші Қазанды» қабылдамаған. Қарсылық өлендерін жасырмаған. Түсетай ақын тілдің небір бояу – нақыштарын, өрнектерін әдемі тізбектей білген. Тіл сұлулығы тек қана онын мәнерлігінде екенін өлең – толғауларымен айғақтатады. Ана тілінің әшекей – кестесін жіті аңғарып, халық тілінің шалқар байлығын, ұлттық игіліктердің түйдек – түйдек орамдарын, сөздік – бейнеліліктің өлшеусіз мүмкіндіктерін эстетика жағынан, шығармашылық тұрғыдан танып, қажетке жаратуда аса шеберлік таныта білген ақын. Саяси көзқарасы үшін қуғын – сүргінге ұшырап, соның зардабынан қайтыс болған.