#сарыарқақұндылықтары Ұстара — шаш алуға, қырынуға арналған болат пышақ. Ұстара бүктемелі, жүзі алып-салмалы, білдекті, электрлік және механикалық болып бөлінеді. ✓Бүктемелі ұстараны пайдаланар алдында арнаулы қайысқа жанып алады. Мүлдем өтпейтін болса, алдымен қайрақпен қайрап, соңынан еппен қайта жаниды. ✨Бүктемелі ұстарамен қырынғанда өте сақ болған жөн. Оны пайдаланар алдында брезентке не қайысқа жайып алады. Егер жанығанға түспесе, оны майда ұстара қайраққа қайрап, соңынан еппен қайта жаниды. Қайрау алдында ұстараның жетесіне қағаз тығып, мойны былқылдамайтын жасайды. Қайраған кезде ұстараның жүз жағын өзіне қаратып, сәл еңкейтіңкіреп, әуелі қайраққа басыңқырап, соңынан жайлап қайрайды. Ұстара Өспен ауылындағы Сәкен тарихи-өлкетану музейіне 2017 ж. тапсырылған. Тапсырған Өспен ауылының тумасы Әбікен Мұрсалов. Экспонат Әбікеннің әкесі Мұрсалов Мұхамедияға тиесілі болған. #Өспенөлкесі #Шетмузей #Сәкенмузей