#сарыарқақұндылықтары  Биялай – құсбегілер қыран құсты қондырғанда киетін қайыстан жасалған қолғап. Сол қолмен тізгін ұстайтын болғандықтан, биялайды оң қолға арнап тігеді. Оның бас бармағы бір бөлек, қалған төрт саусақ киілетін тұсы бір бөлек тігіледі. Биялайдың ішіне жұқа киізден немесе мақта жүн қабылған матадан астар салынады. Жеңіне іліп қоюға қолайлы болсын деп, қайыс бау немесе кішкене жез шығаршық тағылады.

-Құсбегі Иманов Бірліктің қолданған заты. Музей қорына 2016 жылы әкесі Иманов Жарас тапсырды.