«ШЕТ ӨҢІРІ ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ОТАНЫ» атты айдарымыздың келесі шығарылымы күйші Дәулетбек Жүсіп Мейрамұлының орындауындағы Әбдидің күйі «Тәуба Қосбасар».

ӘБДИ РЫСБЕКҰЛЫ (1868-1931) Шет ауданына қарасты Аюлы елді мекенде туып өскен, дәулескер күйші, домбырашы. Қыздарбек күйшінің шәкірті, тамаша күйші, домбырашы Әбікен Хасенұлының ұстазы. Күйді Қарағанды облысы, Шет ауданында көп жыл ұстаздық қызметте болған Орал Исатаев бүгінге жеткізген. Таспалық жазу бойынша нотаға түсірген Б.Ысқақов. Атына заты сай келетін күйдің өң бойынан көңілге тез қона кететін әуен-сазы әр бөлімде әр түрлі құлпырып, тәтті қиялға, байырғы бабалар сарынына жақындатады. Мұнда көнекөз күйшілердің күй толғау машығы анық сезіледі. Күй-шертпе күй мұрамыздағы аса құнды туынды.

#Шетаудандық музейі

#сарыарқакүйлері

#dasturli_an_kuiler