"Рухани жаңғыру", "Туған жерге тағзым" жобасы аясында Ж. Ақылбаев атындағы МГ- ның тарих пәндері мұғалімдері мен Шет аудандық музей қызметкерлері бірлесіп виртуалдық саяхат экспедициясына шығып, өлкеміздің тарихи орны Қаражартас пирамидасына және елімізді жоңғар басқыншыларынан азат еткен Жидебай батыр, Сеңкібай батырлар мазарына барып құран бағыштады. Экспедиция мақсаты: Қола, темір дәуір ескерткіштерімен оқушыларды виртуалды түрде таныстыру, жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен батырлар ерлігін насихаттау.