«ШЕТ ӨҢІРІ ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ОТАНЫ» атты айдарымыздың бүгінгі жарияланымында сіздердің назарларыңызға күйші Дәулетбек Жүсіп Мейрамұлының орындауында Дәулетбек Сәдуақасұлының күйі «Бірінші толғау».

Дәулетбек Сәдуақасұлы (1938-2009) – шертпе күй мәдениетінің жарық жұлдызы болған таланттың бірі – Арқаның Қыздарбек, Сембек, Әбди, Мақаш сынды күйшілерінің мұрасын бүгінге жалғаған шебер күйші. Атақты күйшілер Әбікен мен Бегімсалдан тәлім алған. Қыздарбек мектебінің дәстүрін бүгінге жеткізу жолында өлшеусіз еңбек сіңірген.

Өз жанынан күй шығарған. Оның «Аралбай баба», «Бірінші толғау», «Екінші толғау», «Мәңгілік сарын», «Анаға арнау» және «Қуаныш» атты күйлері бар. Республикалық «Мәңгілік сарын», «Күй керуені» байқауларына қатысып, есімі елімізге кеңінен танымал болды. 2009 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» атағын алды. 

 «Бірінші толғау» күйі өзіндік қағыс қағу мен перне басу тәсілдерінің арнайы көрсетілуімен берілген.

 

#ШЕТАУДАНДЫҚМУЗЕЙІ

#сарыарқакүйөңірі

#археологияэтнография

#oner_mektep

#dasturli_an_kuiler