#әдетғұрып

#салтдәстүр 

#Шетаудандықмузейі

Асық-қазақтың ұлттық ойыны.

Асық ойыны ертеден келе жатқан ұлттық ойын түрі. Асық-төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі буынға біткен шымыр сүйек. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі асық ойыны ертеде мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан ойынның бір түрі. Ерте кезде әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны ойнатылған. Көнеден келе жатқан ұлттық ойынның тарихын айтатын болсақ, 2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Қырықүңгір тауының маңайынан қазба жұмыстары кезінде елімізде қола дәуіріне жататын ерекше тас жәшіктің ішінен 140 асық табылған. Бір таңқаларлығы бұл жәдігердің барлығы қынамен боялған. 32 ғасыр бұрынғы қола дәуіріне жататын бұл жәдігерлер көнеден ғұрыптық сипатқа ие болғанын растайды. Тағы бір қызықты тарихы: Мысыр патшасы Тутонхамон перғауынның өзі асық ойнаған екен. Б.з.б. 1333 жылға тән асықтар түрі Мысырдың Кайр мемлекеттік музейінде сақтаулы тұр. Қазақтың ұлттық асықтары Европалық музейлерде түр-түрімен жарқырап тұр. Сонымен қатар, сонау ортағасырлардағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде Сырдария бойындағы қалалардан, Алакөл өңірінен, Талғар қаласының маңынан қой асықтары табылып отыр. Қой асықтарын көне заманда ғұрыптық мақсатта, ойын түрлерінде және тұрмыстық мақсатта пайдаланған.

#әдетғұрып

#салтдәстүр 

#Шетаудандықмузейі