✴Тайатқан - Шұнақ петроглифтері

🌏Қарағанды облысы, Шет ауданы, Сарыбұлақ өзенінің маңындағы биіктеу жерде, Шұнақ тауынан батысқа қарай 13 шақырым жерде орналасқан.

📌Ескерткіштің негізгі бөлігі Сарыбұлақ өзенінің бойында орналасқан жартас беттеріне салынған. Көп бөлігі оң жағалауда орналасқан. Суреттер оңтүстік және оңтүстік-шығыс қапталындағы жартас пен жекелеген тастардың тегіс жағына бедерленген.

 ♾Қола, сақ дәуірінің және ортағасырларға тән суреттер кездеседі.

✅Ескерткіштегі суреттердің жалпы саны 200 -ден астам.

✴Негізгі суреттер қатарында: арбалар, жылқылар, жабайы бұқалар және «жұлдызды аспан» бейнелері бар.