Құрметті де қымбатты ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңіз - ұстаздар күнімен музей ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаз — ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді мәңгілік бағалаймыз.