#сарыарқақұндылықтары
Қазақтың ұлттық үй жиһазы – ағаш кереует. Екі басы тік болып келген (жоғары және төмен), қапталынан (алдыңғы және артқы) және шабағынан тұрады. Биіктігі – 100 см, көлденеңінен – 190 см, ені – 80 см. Кереуеттің жасалу технологиясы: қарағай ағашын кептіріп, тегістеп, өңдей отырып дайындалған қатты тақтайлардан жасаған. Ағаш кереуеттің барлық бөліктері алынбалы-салынбалы. Сыртқы қоршауларына ою-өрнек түсіруге қолайлы болғандықтан жөке ағашы пайдаланған. Кереуеттің беткі жағы төрт бөлікке бөлініп, ою-өрнектермен көркемделген. Бедерлі оюлар «Гүл» өрнектері жарасымды салынған. Ағаштың түсіне ұқсас ақ-сары және қызыл-қоңыр түстермен боялған.
Жәдігердің бір ерекшелігі – бір шегесіз, желімсіз құрастырылған. Бұл ағаш кереуетті музей қорына 1988 жылы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны Ғайныш Сақыпова тапсырған. Иесі: Рахымбеков Сақып.
#Шетаудандықмузейі#ағашкереует#этнография