Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің басты бір саласы – тігіншілік. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау болып табылады. Қазақтың ісмер, шебер тігіншілері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін қарапайым тәсілмен әсем дүниелер жасап, төл өнерімізді ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді.
Сіздердің назарларыңызға қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған бейнебаянымызды ұсынамыз.

#дәстүрменғұрып.