Қазіргі уақытта, Шет аудандық музей қызметкерлері балабақша бүлдіршіндерінен бастап мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орнында оқып жүрген студенттермен, тығыз байланыста болып, аудан тарихын терең игеруге еңбек етуде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламасы аясында музейдің экспозициялары мен көрмелерін, қор коллекцияларын пайдаланып бұқаралық ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу, киелі, шежірелі өлкемізге қатысты тарихи тұлғаларымызды дәріптеу, көненің көзіне айналған -мол тарихи мұраларымызды сақтау, аға ұрпақтың өнегелі өмірі мен еңбек жолдарын насихаттау - өсіп келе жатқан жас буындар үшін маңызды тәрбие беру құралы болып табылады. Осы мақсатта аудандық музейде әр тақырыпта шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Осы орайда, музейге «Балдырған» бала-бақшасының орта топ бүлдіршіндері келіп, «Домбыра-Дастан» және этнографиялық көрмемен танысты. Бүлдіршіндер әрбір жәдігерді көріп, қызығушылықтары артты.