Халықаралық музейлер күніне орай аудан тұрғындарына  Шет ауданы өлкесінің тарихы, мәдениеті, табиғаты, этнографиясы және археологиясымен тереңірек таныстыру, жергілікті қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрме ұйымдастыру арқылы көпшілікке насихаттау мақсатында  ұйымдастырылып, өткізілді. 

Халықаралық музейлер күніне орай аудан тұрғындарына  Шет ауданы өлкесінің тарихы, мәдениеті, табиғаты, этнографиясы және археологиясымен тереңірек таныстыру, жергілікті қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрме ұйымдастыру арқылы көпшілікке насихаттау мақсатында Халықаралық музейлер күніне орай 17 мамырда  «Өткеннің қазынасы – болашаққа» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып, өткізілді. 

Тағылымды шара барысында мектеп оқушылары өткен ғасырлардан сыр шертетін мәдени-тарихи мұралармен танысты. Көрермендер үшін  С.Мұхамеджанов атындағы саз мектебінің оқушылары мен ұстаздары өнер көрсетті.  Көрермендер үшін ашықтық және қолжетімділік, өнерді дәріптеу және танымал ету, жастардың назарын аудару, ұмытылмас мереке ұйымдастыру мақсатында өткізілген шарада көрермендер музейдің экспозициялық залдарын және көрмелерді тамашалап,  «Этнография» экспозициялық бөлімінде сол кезеңнің үлгісімен киінген әже келі түйіп, диірмен тартып, ұлттық тағамымызды жасап оқушылардың назарын аударып, ерекше әсер қалдырса және де «Ұста», «Қазақ батыры», «ҰОС жылдарындағы Қазақстан» экспозициялық бөлімінде көріністер қойылып көне заманды бейнеледі.