Мерекелік шара өскелең ұрпаққа халқымыздың аса қасиетті дүниесі домбыра туралы мәлімет беру, Шет өңіріндегі шертпе күй шеберлері, күйшілерді насихаттау, өз ұлтының музыка өнерін сүюге, қадірлеуге тәрбилеу мақсатында өткізілді.
Мерекелік іс-шараны ұйымдастырушылар Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі және Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейі.
Мерекелік шара өскелең ұрпаққа халқымыздың аса қасиетті дүниесі домбыра туралы мәлімет беру, Шет өңіріндегі шертпе күй шеберлері, күйшілерді насихаттау, өз ұлтының музыка өнерін сүюге, қадірлеуге тәрбилеу мақсатында өткізілді.
Мерекелік іс-шараны ұйымдастырушылар Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі және Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейі.
Мерекелік шараға мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, шертпе күй шеберлері, Ақсу-Аюлы ауылының тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Аталмыш іс-шараға «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің басшысының орынбасары Е.М. Нилдібаев, «Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның басшысы Е.Н.Нұрмағамбетов, Шет ауданы әкімінің орынбасары А.А.Әбілдин, жазушы, өлкетанушы К.Жүністегі, Қарағанды облыстық шертпе күй орталығының директоры Қ. Сәдуақасұлы, өлкетанушы, күйші Е. Жәнібеков, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының технология пәнінің ұстазы, қолөнер шебері М.Р. Баймұханов, күйші Қ.Мұстафин, Ақадыр кентінен Сыдық Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің филиал жетекшісі Т.Өтебаева, Шет өңіріндегі шертпе күй өнерінің мол мұрасын жалғастырушы, насихаттаушы, күйші Ж.М.Дәулетбеков, дәстүрлі әндерді дәріптеп жүрген облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты, дәстүрлі әнші Е. Ахметов қатысты.
Мерекелік шара барысында «Домбыра-Дастан» атты Шет аудандық музейінің қорынан қойылған ұлттық аспап домбыралар жинағының көрмесі ашылды.
Көрмеде Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының домбырасының үлгісімен жасалған домбыра, шертпе күй шебері Әбікен Хасенұлының домбырасы, ақын, өнер қайраткері Е. Мұстафин домбырасы және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан алынған құнды жәдігерлер - Қазақстанның халық артисі, әнші Қ.Байжанов және Қазақстанның халық артисі М.Шашкина домбыралары мен сахналық киімдері көрмеден орын алды.
Мерекелік шараға «Сарыарқа» ТК, «Хабар24», «Қазақстан», «Шет шұғыласы» телеарналар мен газеттердің журналистері, «Е-Караганда» ақпараттық-ойын-сауық порталы ақпараттық қолдау көрсетті. Шара барысында музей экспозицияларына экскурсия жасау жалғасын тапты.
Мерекелік шара қатысушыларға облыстық тарихи-өлкетану музейі басшылығының алғыс хаттарын тапсырумен аяқталды.
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан алынған құнды жәдігерлер - Қазақстанның халық артисі, әнші Қали Байжанов пен Қазақстанның халық артисі, әнші Жамиля Шашкинаның домбыралары мен сахналық киімдері көрмеден орын алды.
Шет аудандық орталықтандырылған кітапханасының кітап көрмесі.
Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі М.Баймұхановтың «Ұлы Даланың жеті қыры» қолөнер бұйымдарының көрмесі.