Аудандық мәдениет үйі алдында өткен мерекелік шараға белгілі жазушы, өлкетанушы К.Жүністегі, күйші Е.Жәнібеков, күйші-композитор Қ.Мұстафин бастаған  өнерпаз азаматтар қатысып, домбыраны ұлықтап жатқан жастарымызға алғыстарын білдіріп, мерекелік шараға күйден шашу шашты. Кештің  шырайын шертпе күйді облыс, республикаға дәріптеп жүрген дәулескер күйші Д.Сәдуақасұлының немересі күйші Ж. Дәулетбек пен Бұрма ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, күйші Қ.Қызметханның арасында өткен күй тартыс кіргізіп, жиылған қауымның қошеметіне ие болды. Шара барысында  Шет  аудандық музей қызметкерлері  «Шертпе күй домбыралары» атты жылжымалы көрмесіндегі домбыралардың тарихын  аудан тұрғындарына таныстырып өтті.