Маусым айында мектеп жанындағы балалар лагерінің балаларымен музейлік экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында оқушылар аудандық музейдің 5 бөлімінен тұратын залдарын аралап, тарихи жәдігерлермен танысып, білім көкжиектерін кеңейтті. Оқушыларға әсіресе ұнағаны қазақтың қолданбалы өнері мен тұрмыстық заттары қойылған зал болды. Қазіргі күнде де қолданып жүрген ер-тұрман түрлерін, шертпе күй домбыраларын көріп, қызығушылық танытты. Экскурсия барысында музейден жас жеткіншектер тарихи сана қалыптасуына жол ашты.