Адамзат тарихындағы оқиғалардың бірі – әлемді дүр сілкіндірген II дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңісті сыйлаған батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім  де ешқашан ұмытпақ емес. Сондықтан да бұл Жеңісті атап өту кейінгі ұрпаққа парыз.

Адамзат тарихындағы оқиғалардың бірі – әлемді дүр сілкіндірген II дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңісті сыйлаған батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім  де ешқашан ұмытпақ емес. Сондықтан да бұл Жеңісті атап өту кейінгі ұрпаққа парыз. Осы мақсатта аудандық музейде «Ұмытылмас Ұлы Жеңіс» атты іс-шара болып өтті. Сонымен қатар, музей қызметкерлері оқушыларды  «Ерлік ісі-ұрпаққа мұра» атты экспозициялық көрмемен кеңінен таныстырды. Екінші кезеңде оқушылар, көрермендер назарына  «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында!» атты видеоматериал ұсынылып, көрсетілді. Музейде өткен іс-шараға Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9 «ә» және 2 «ә» сынып оқушылары кешегі жауынгерлердің ерлік істерін жырға қосты, монтаж айтылды.