Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу
қажеттігін атап өтті.

Осы мақсатта қазіргі таңда қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесін жан-жақты талқылау мақсатында республика
көлемінде әрбір мекемелерде, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Шет аудандық музейде бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы іс-шараларды жоспарға кіргізіп, ұйымдастыруда. Сондай шаралардың бірі Ы.Алтынсарин мектеп-гимназиясының 6 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Сағындықова Гүлмира қатысқан «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты музейлік сабақ өткізілді. Өткізілген музейлік сабақтың мақсаты - латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын және латын әліпбиіндегі әріптерді дұрыс жазылуына үйрету болды. Музейлік сабақ барысында қазақ жазуында бұрын
қолданылып келген әліпбилер тарихына тоқталып, слайд арқылы оқушыларға түсіндірілді және де оқушылар өз есімдерін, мақал-мәтелдерді латынша жазып таңғалдырды. Сонымен қатар, шара барысында «Этнография залындағы» түрлі жәдігерлерге байланысты «Сөзжұмбақ» ойыны өткізілді және жәдігерлердің атын латынша жаза отырып оқушылардың танымдық қабілеттері, музей заттарына деген қызығушылықтары артты. Сабақ соңы музейге саяхатқа ұласты.