Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінде «Туған елге тағзым» жобасы аясында аудандық музей мен Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия ұжымдары бірлесе ұйымдастырып өткізген «Әз-Наурыз-ұлттық мейрамымыз» тақырыбында 9 сынып оқушылары арасында сайыс өткізілді.

18 наурыз күні  Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінде «Туған елге тағзым» жобасы аясында аудандық музей мен Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия ұжымдары бірлесе ұйымдастырып өткізген «Әз-Наурыз-ұлттық мейрамымыз» тақырыбында 9 сынып оқушылары арасында сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты –оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу; көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған ұлттық құндылықтарымыздың маңыздылығын ұғындыру, өзіндік үлгі-өнегесін балалар бойына сіңіру.   Үш топтан  құрылған командалар арасындағы сайыс 5 түрлі кезеңді қамтыды.  Олар: «Салт-дәстүріміз-мәдениетіміз», «Ұлт тарихын білу-бізге парыз», «Ұлттық құндылық-рухани тәрбие, ата-дәстүр жалғасы», «Ойлан, тап, көрсет!», «Кім жылдам?» кезеңдері бойынша сайысқа түсіп, алғыс хаттармен марапатталды.