Шет аудандық музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде осы аталған мақала бойынша іс-шаралар жыл бойына ұйымдастырылып, жүргізіледі. Осы мақсатта Шет аудандық музейінде 2 күндік «Қызғалдақтар-қырмызы» атты  шеберлік сабағы өтті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы қазақ топырағында өсіп, әлемге таралған алма мен қызғалдақты - «Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны» деп жетінші қырына жатқызып,  мақалада тарихымыздың  және  мәдениетіміздің ерекшелігін көрсете білді.

Шет аудандық музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде осы аталған мақала бойынша іс-шаралар жыл бойына ұйымдастырылып, жүргізіледі. Осы мақсатта Шет аудандық музейінде 2 күндік «Қызғалдақтар-қырмызы» атты  шеберлік сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларды ұлттық қолөнерді құрметтеуге үйрету, өнерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Шеберлік сабақтың 1-ші күні музейге КарГТУ-дің «Құрылыс және сәулет» факультетінің III курс студенті  Жәкен Талшын Есболатқызы арнайы шақырылып, Ж.Ақылбаев атындағы  мектеп-гимназиясының 7 «ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Баян Жолдановамен кездесе отырып, өзінің қолөнер шеберлігімен бөлісті.

Сабақтың 2-ші күнінде музейге С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің ұстаздары - Есімова Гүлсара, Мұқажанова Гүлнар, Құттыбаева Гүлбала музей қызметкерлерімен бірлесе отырып,  интернат балаларына шеберлік сабағын өткізді. Сабақтың өту барысында ұстаздар оқушыларға түрлі-түсті қағаздан небір тамашалар жасаудың қыр-сырымен бөлісіп, жұмыс істеу әдістерін үйретті.

 

 

 

КАРГТУ -нің 3 курс студенті Т.Жәкен оқушыларға музейде ұйымдастырылған «Қызғалдақтар-қырмызы» атты  шеберлік сабағында  қолөнерден өз шеберлігімен бөлісті.

 

музейге КарГТУ-дің «Құрылыс және сәулет» факультетінің III курс студенті  Жәкен Талшын Есболатқызы арнайы шақырылып, Ж.Ақылбаев атындағы  мектеп-гимназиясының 7 «ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі

Шет аудандық музейінде 2 күндік «Қызғалдақтар-қырмызы» атты  шеберлік сабағы өтті.