Музейде аудандық Аналар кеңесімен бірлесе ұйымдастырылған Тұңғыш Президент күніне арналған және Елбасының «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласы аясындағы «Қазақ елі-өркениет бесігі» атты кең көлемдегі тарихи-танымдық кеші болып өтті. Іс-шараға аудандық агротехникалық колледж студенттері, Ж.Ақылбаев атындағы мектептің 10а және 10ә сынып оқушылары мен ұстаздары, аудандық кітапхана ұжымы, аудандық саз мектебі ұжымы қатысты.

Кешті өз мәнінде жүргізіп отырған музей қызметкері Кокина Алия Шөпбайқызы кіріспе сөзінде: «Президенттік қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев! Елбасы-халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын елдескенде мейірімін шашатын саясаткер» дей отыра, кештің мақсаты мен маңызына тоқталып өтті. Осы тұста ҚР Гині ойнатылды. Көрерменге «Елбасының ерен еңбектері» атты бейнематериал ұсынылды.
Кеште алғашқы құттықтау сөзді Мәдениет қайраткері Ахметова Гүлшара Қамиқызы, Облыстық мәслихаттың депутаты,аудандық орталықтандырылған медицина бірлестігі директорының орынбасары Әбітаева Хауарира Бергенқызы қатысушыларды Елбасымыздың алға қойған жоспарлы бағдарларына тоқталды, өскелең ұрпаққа арнап тәр- биелік мәніне толы зор мағлұматтар берді. Келешегі кемел жастарға Елбасының «Ұлы даланың Жеті қыры» мақаласы өте маңызды еңбек екенін, өз тарихын бағалаған елдің ғана болашағы зор болатынын жеткізе айтып берді.
Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жастарға тарихи тұрғыдан тереңінен түсіндіріп, жеті қырын жеткізе талдап, жас ұрпақтың жадына жаңғырта жеткізген, төл тарихымызды паш еткен тарихшы ұстаз Қызылов Ербол мұғалімнің бейнематериалды қоса ұсынған тарихи-танымдық сабағы өте тұщымды болды.
Тарихи-танымдық кештің соңын мұражай басшысы Қамытбаева С. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында қорытындылай отырып, мұражайларда көне жәдігерлерімізді жинақтап сақтау, тарихи тұрғыда насихаттау және де келер ұрпаққа осы мұраларымызды сол күйінде жеткізу-басты парызымыз дей келе, әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосуы қажет деген тілегін білдірді. Кештің соңы мұражайға экскурсиялық саяхатқа ұласты.