Аудандық Мәдениет Үйінде жылжымалы «Бұлағыңнан бастау алдым бұлқынып, туған жерім тұғырым» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге З.Сүйіндікұлының музейде түскен фотосуреттері, ұзақ жылғы еңбегі ақталып берілген мадақтамалары Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі алғыс хатымен, 2011 жылдың қорытындысы бойынша аудандық “Жыл адамы» иегері және Қарағанды облыстық Мәдениет Басқармасының «Үздік композитор» номинациясының иегері және т.б. грамоталары, 2003 жылы шыққан «Өмір толғауы» атты әндер жинағы , «Шет шұғыласы», «Орталық Қазақстан» газеттерінде басылып шыққан мақалалары қойылды. Сонымен қатар,осы көрменің мәнін ашқан «Сарыадыр самалы» атты кітабының тұсаукесері болды.
Ақынды бірінші болып жерлесіміз, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Рысқали Қалиақпарұлы Әбдікеров құттықтап, қазақы дәстүрмен шапан жапты. Аудан әкімі М.Жандәулетовтың қолдауымен жерге, елге деген ерекше махаббатынан туындаған «Сарыадырдың самалы» атты кітабы шыққан болатын. Мерейтойға той иесін құттықтаған хаттар легі келіп түскен болатын. Солардың бірі облыс әкімінің құттықтауы және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев, тағы басқалары құттықтады.
Сонымен қатар, Зәрубай Сүйіндікұлы ұзақ жылдар бойы Шет аудандық музейінің директоры қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде Шет аудандық музейін алдыңғы қатарлы музейлер қатарына қосып, елеулі еңбегі сіңген болатын. Аудандық Мәдениет Үйінде «Бұлағыңнан бастау алдым бұлқынып, туған жерім тұғырым» атты көрме ұйымдастырылды. Іс-шараның жекелеген дайындық жұмыстарына музей қызметкерлері де атсалысты. «Сарыадырдың самалы» атты кітабының мақамын басып, өлеңдерін жинақтап, аз да болса өз үлесін қосты.