20.03.2018 жыл
Шет аудандық музейінде, ұлыстың ұлы күніне орай «Наурызым-байлық, берекем!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік кешті ауыл ақсақалдары Қ.Сейілбеков пен Ш.Әлғожин ақ батасы мен жүрек жарды ізгі тілектерімен бастады. Мектеп оқушылары жырдан шашу шашып, мың бұрала билеп, кештің сәнін кіргізді. Салт-дәстүріміз «Тұсау кесу» рәсімінде сәбидің тұсауы кесілді. Іс-шара өз мәнінде өтті.
Сонымен қатар, музей ұжымы аудандық мерекелік қойылымға қатысып, аудан орталығындағы ұйымдастырылған үлкен іс-шараларға атсалысты.