15.01.2018 жыл

 

 

Құсбегі, саятшы, құсбегілік өнерді қайта жаңғыртушы,  «Салбурын» саятшылар жарысын ұйымдастырушы Тілеуқабыл Есембекұлының туғанына 75 жыл толуына орай  Ы.Алтынсарин мектеп оқушыларымен «Қазақтың құсбегілік өнері» тақырыбында музейлік сабақ өткізілді.

 

Құсбегілік — қазақ ұлтының қанына сіңген көне дәстүр. Көшпенділер өмірінен берік орын алған үлкен өнер. Оның тәлім-тәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасқан және жалғасып та келеді.        Құсбегілік өнері соңғы 10 — 15 жылдың ішінде Қазақстанда қайта жандана бастады.  1995 жылдан бастап құсбегілердің басын қосып, баптаған қырандарын сынға салатын "Салбурын” мерекесі дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Соның ішінде Шет ауданында 1995 жылы өткен «Салбурын 95» байқауын айтуға болады. Бұл байқауды өткізген жерлесіміз құсбегілік өнерді кеңінен насихаттаушы Тілеуқабыл Есембекұлы. Музейде Т.Есембекұлының  құсбегілік заттары көрмеге қойылған. Атап айтсақ  бүркіт балдақ, сапты аяқ, томаға, былғары биялай т.б.

 

Оқушыларға құсбегілік өнердің қыр-сыры туралы Баяманова Б. толық мағлұмат беріп, бейнефильм көрсетті.