Дүйсенбі 18 Мамырдың 2015
Бүкіләлемдік мұражай кеңесінің ХІ-ші Бас конференциясының шешімімен 18мамыр-Халықаралық мұражай күні болып белгіленген. Бұл жалпы адамзат мәдениет пен құндылықтарды сақтаушылардың төл мерекесі.
Мұражай дегеніміз - бабаларымыздың бізге қалдырған қасиетті мұрасын сақтаушы киелі орны.
Елдің өткені, бүгіні, болашағы осы мұражай арқылы танылады. Мұражай — бабадан viagra sans ordonnance балаға беріліп келе жатқан қара шаңырақ. Мұражай — алтын босаға. Мұражай арқылы біз өзіміздің кім екенімізді көреміз. Тарихтың бүкіл көрсеткіші осы жерде тұр.
Осыған орай мұражай күні Шет аудандық тарихи мұражайында «Мұражай –тарих айнасы» атты ашық есік күні өткізілді. Бұл күні қордағы негізгі және қосымша жәдігерлер түгел дерлік көрмелерге қойылып, келушілерге паш етілді.
Сонымен қатар мұражайға келуші ауыл тұрғындары, ұстаздар және мектеп оқушылары «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы», «Қазақ хандығына 550 жыл», «Домбыра –дастан», «Ата Заң Конституциямыздың 20 жылдығы» атты жаңа экспозициялармен таныстырылды. Мұражайға келушілердің бірі Шет агротехникалық колледжінің ұстаздары Шайкенов Бауыржан, Қалижан Қадірет және аталған колледждің студенттері қызығушылықпен мұражай экскурсиясына қатыса отырып, өздерінің жүрекжарды тілектерін де айтып жатты.
«...Біз мұнда көптеген ата-бабаларымыздың өткен өмірінен сыр шертетін дүниелерді көзбен көрдік. Маған осы мұражайға келген сайын қызықты. Себебі, бұл мекенге әр бас сұққан сайын мен ерекше әсер аламын. Бүгінгі мереке күні сіздерге алғысымыз шексіз»-деді. Және алдағы уақытта қолда бар көне заттарды мұражайға табыстауымыз керек деген пікірлерін білдірді.
Олай болса осы құнды жәдігерлерімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, ұлттық мәдениетіміз бен салт — дәстүрімізді дамыту жолында мұражаймен тығыз байланыста болып, көненің көзін қастерлеп мұражай төрінде сақтайық дегім келеді.