Жаңалықтар

«ШЕТ ӨҢІРІ ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ОТАНЫ» атты айдары. Төлеген Момбековтың күйі «Мың жылқы». Бірде Қаратаудың ең биік тұсы «Мың жылқы» шоқысына шығып, ондағы әрқайсысына мың жылқы сыйып кететін бес сайды көріп, табиғат сұлулығына шабыттанған Төкен «Мың жылқы» күйін шығарады. Бас-аяғы жинақы, тұжырымды күй болып шыққан бұл туындыны Төлеген күйлерінің алғашқы бір биігі деуге болады. Тыңдаушы жүрегіне тез жол тауып, халыққа кең тараған осы күйден Төкеңе тән құрылымдық, орындаушылық ерекшеліктер айқын аңғарыла бастайды. Күйді орындаушы – күйші, өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Асылбеков Айдын.
#Шетаудандықмузейі
#сарыарқакүйлері
#dasturli_an_kuiler