Облыс прокуроры Б.К.Мырзакеровтың төрағалығымен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында негізгі қылмыстық құқықбұзушылықтардың түрлерінің алдын алу материалдарын қамтитын жаңа QR-код ұсынылған.
QR-кодта интернет-алаяқтық, есірткі қылмыстары, «дропперлік», жол қауіпсіздігі, жанжал жағдайлары және интернеттегі мінез-құлық этикасы секілді өзекті тақырыптар бойынша қысқаша иллюстрацияланған буклеттер көрсетілген.















