🎼 Күй «Төремұрат»
🎼 Авторы: Құрманғазы Сағырбайұлы
🔆Орындаушы: С.Мұхамеджанов атындағы балалар өнері мектебі Ағадыр кенті филиалының түлегі Мамырғалиев Аспандияр Әділұлы. Ұстазы Утебаева Тоқман Қонысбековна.
🎼1850 ж. Құрманғазы Жем өзенінің бойындағы Төремұрат, Өтен, Нарымбай ағаларымен барып қыз Данайды алып қайтады. Қыз соңынан шапқан қуғыншыларды Құрманғазы отауға жібермей келгенін қағып түсіріп, қорғап тұрады. Оның бұл батырлығына нағашылары риза болып, сый – құрмет жасайды. Шабыты шалқыған күйші осы қуанышқа арнап “ҚызДанайдың қырғыны” күйін шығарады. Құрманғазы күй арқылы ат тұяғының дүбірін, қиян-кескі ұрысты суреттейді. Арасында қыз Данайдың сұлулығын, сыңғырлаған күлкісін сазды дауыстармен бейнелей білген. Бұл күйдің шығуына байланысты Төремұрат ел жиып, мал сойып үлкен той жасайды. Бұл оқиғаға Құрманғазы күйді "Төремұрат" деп те атаған деседі.