Қазақ халқының қолөнері ғасырлар бойы халықпен бірге дамып келе жатқан дәстүрлі өнер.

Балаларға сәндік-қолданбалы өнер туындыларын жасауды үйретіп, шеберліктің шыңына шығарып, еңбекке баулып жүрген С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің ұстаздарының еңбектері ұшан-теңіз.

Балалардың шығармашылық жұмыстарынан «ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ-ӨМІРДІ ТҮСІНУДІҢ КІЛТІ» тақырыбында жасалған көрме тамашаланып, көпшілік назарына ұсынылуда.

Осы орайда Шет аудандық музей басшысы С.Қамытбаева өнер мектебінің ұстаздары Г. Есімова, Г. Құттыбаева, С.Смайлова, А.Еркебаева және музейлік «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысушы балаларды марапаттау рәсімін өткізіп, алғыс хаттар тапсырды.