Жексенбай Нұрқұйса Жайдарбекұлы Қарағанды облысы Шет ауданы Жарылғап батыр ауылында дүниеге келген. Ақын. Жастайынан шығармашылыққа әуес. Облыстық, аудандық жыр мүшайраларының жеңімпазы.

 

ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай жастар арасында қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген «Жырым саған арналады» атты аудандық жыр мүшайрасында I орынға ие болды.

Өлеңдері облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланып тұрады.