16-қазан Рухани келісім күні Шет аудандық музейінде «Рухани келісім-тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.
Іс-шараның басты қонағы аудандық Жанқұтты би мешітінің бас имамы Берік Маханбетчин қатысушыларға арнап Рухани келісім күніне орай кең көлемде мағлұматтар бере отырып, киелі қазақ жерін мекен еткен халықтың көркеюі, этнос аралық бейбітшілік пен келісім-біздің басты байлығымыз жайында өзара диалог орнатты.
Мақсаты: ұлтымызға тән қасиеттерді құрметтеуге үйрету, үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, татулық, отбасылық береке-бірлік, бейбітшілік және игілік құндылықтарын бойына дарыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.