#сарырақақұндылықтары
Халық ақыны Маясар Жапақұлының портреті.
1990 жылы Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейіне тапсырылған.
Жапақұлы Маясар (1879-1965) Тағылы тауының баурайында дүниеге келген, халық ақыны. Бала кезінен бастап ән айту, күй тарту, жыршылық өнеріне машықтанған. Замандас ақындарымен айтысқа түскен. 1943 жылы Алматыда өткен Республикалық ақындар айтысында 1-орын алды. 1947-жылы Мәскеу қаласының 800-жылдық тойына қатысқан. Қазақ халқының «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Зарқұм», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты дастандарын жатқа айтқан. «Ажалы қарақшының момыннан», «1-майға» жырлары, «Қыран мен жылан», «Ұрлық-қорлық», «Жігіт пен арақ», «Шіркей мен маса» және т.б мысал-өлеңдері елге кең жайылған. «Маясар» атты күйі, «Қос қоңыр»атты әні бар. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде деректі фильм түсірілген.
Портрет – 1989 ж. салынған.
Авторы – Мұқашев Талғат Базылұлы.
Өлшемі: 193 см х125 см
Материалы: холст, майлы бояу.