#сарыарқақұндылықтары

Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы. Скрипка аспабының атасы саналатын қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Аспап ысқысы бар аспаптардың қатарына жатады. Музейдегі қобыздың материалы  қайың ағашы.  Бас, кеуде, төменгі  бөлік терімен  қапталған, оған  арша ағашынан жасалған  тиек  қойылған. Екі  ішегі жылқы қылынан тартылған.  Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады.  Музей қорындағы  сақтаулы көне  музейлік зат «Бөкештің қобызы»  XIX  ғасырға жатады.  1988 жылы Ақсу-Аюлы ауылы тұрғыны Иген Абитаев тапсырған. Өлшемі 68×16см.