«ШЕТ ӨҢІРІ ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ОТАНЫ» айдары. Шет аудандық өнер мектебінің домбыра сыныбының ұстазы, ҚР күйшілер одағының мүшесі, күйші Асылбеков Айдын Қантайұлының орындауында Сембектің күйі «Наз Қосбасар». Күйді орындап, бүгінге жеткізуші Дәулетбек Сәдуақасұлы. Нотаға түсірген Б.Ысқақов. Құрылымдық әрі орындаушылық тұрғыдан бөлекше көзге түсетін күй. Ықшам келген әуезді иірімі төмен-жоғары бағыттарда қайталана келе мағыналы ойды, жылы сезімді тудырады. Көңілді көтеріп, еңсеңді түсірмейтін деңгейдегі назды әуен орындаушы Дәулетбектің сезімтал саусақтарының ұшынан жанды дыбысқа айналып, ойыңа ой қосып, қиялыңды оздыра түседі. Шертпеші орындаушылар арқылы рухани қолданысқа еркін кірген өте құнды күй.
#Шетаудандықмузейі
#сарыарқакүйлері
#dasturli_an_kuiler