«ШЕТ ӨҢІРІ-ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ОТАНЫ» айдары. Қыздарбек Төребайұлы «Сылқым қыз» Күйді алғашқы орындаған белгілі күйші Орал Исатаев. Нотаға түсірген Б.Ысқақов. Арқа күйлеріне тән ойлы сезімнен гөрі мұнда шалқыған көңіл, лепірген жастық желік басым тұр. Күйдің аса саздылығы сонша, тыңдаған адам күй әуенін дауысқа салардай, біртүрлі елтіп отырады. Күйшілер қолынан түспейтін осы бір әдемі күй халық арасына кең тарап, үлкен рухани сұранысқа ие болды.

Орындаған Айдын Асылбеков.

#шетаудандықмузейі

#сарыарқакүйөңірі

#археологияэтнография

#dasturli_an_kuiler